Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті. Бұл туралы еріктілер хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Еріктілер ұсынған ақпаратқа сай, жасөспірім 2026 жылғы 24 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласына қарасты саяжайлар аумағындағы Виноградная көшесі, 15-үй мекенжайынан шығып кеткеннен кейін оралмаған.
"Із-түзсіз жоғалған жасөспірімнің белгілері: бойы шамамен 160-165 см, арық денелі, қоңыр шашты (боб үлгісінде қиылған), қоңыр көзді. Сол жақ қасының үстінде тыртығы бар. Мұрнында пирсинг болған. Үстінде қара ою-өрнегі бар ақ футболка, қара трикотаж шалбар және сұр кроссовка киген. Өзімен бірге қара түсті сөмкесі болған", - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Қыздың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады: +7 705 105 31 31, +7 701 375 92 91 немесе 102 нөмірі арқылы полицияға хабар беруге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2370096-almaty-oblysynda-14-zhastagy-zhasospirim-qyz-zhogalyp-ketti/