jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Жел, нөсер жауын: 27 сәуірде Қазақстан өңірлерінде ауа райы қандай болады

қолшатыр ұстаған қыз
Қолшатыр ұстаған қыз. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазгидромет синоптиктері 27 сәуірде Қазақстанның 16 облысында ауа райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Алматыда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Медеу және Бостандық аудандары) күндіз жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел екпіні 18-23 м/с.

Алматы облысында күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Жел облыстың орталығында, шығысында және таулы аймақтарында 18-23 м/с.

Қонаевта желдің екпіні 18-23 м/с.

Шымкентте күндіз жел 15-20 м/с.

Түркістан облысында батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20 м/с.

Абай облысында түнде батысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел түнде батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Семейде түнде желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел түнде солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с. Түнде оңтүстігі мен шығысында 3 градус үсік болады.

Маңғыстау облысында күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай. Батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, күндіз шығысында және оңтүстігінде жаңбыр. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай. Жел түнде солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с.

Жел, нөсер жауын: 27 сәуірде Қазақстан өңірлерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.