Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанда қандай мамандар жетіспейтінін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәжілістегі үкімет сағатында еңбек нарығының қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бірінші кезеңде (талдаудың – редактордың ескертпесі) негізгі сұраныс төрт құзыреттілік айналасында қалыптасатыны айқындалды: деректер, машиналық оқыту, цифрлық инженерия және киберқауіпсіздік.
Одан бөлек жаңа қабат – салалық білім жасанды интеллектпен біріктірілген гибрид мамандықтар қалыптасып келе жатыр. Бұл екінші кезеңнің алдын ала нәтижелері", - деді министр.
Оның айтуынша, аналитика қазіргі уақытта Қазақстанда түлектердің саны жеткіліксіз сегіз маңызды мамандық кластерін атап көрсетеді: озық өндіріс, цифрлық технологиялар, таза энергетика, қаржылық қызметтер, өмір туралы ғылымдар, қорғаныс, шығармашылық салалар және кәсіби қызметтер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2370366-gylym-zhane-zhogary-bilim-ministri-qazaqstanda-qandai-mamandar-zhetispeitinin-aitty/