jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"5 млн теңгеден беріледі": Жеңіс күніне орай қарағандылық ардагерлерге қандай көмек көрсетіледі

ҰОС ардагерінің медальдары
ҰОС ардагерінің медальдары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай ардагерлерге материалдық көмек көрсетіледі. Қолдау шаралары өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғынын қамтиды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғалымжан Спабековтің айтуынша, бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының 6 қатысушысы тұрады: олардың бесеуі Қарағандыда, біреуі Осакаровка кентінде.

Биыл майдангерлерге 5 млн теңгеден беріледі.

Тыл еңбеккерлерінің саны – 2029. Олардың әрқайсысына 100 мың теңгеден төленеді.

Сонымен қатар қолдау басқа да санаттағы азаматтарды қамтиды:

  • концлагерь тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден (33 адам);
  • қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен жұбайларына 50 мың теңгеден (89 адам) беріледі.

Материалдық көмек сәуір-мамыр айларында аударылады. Бұдан бөлек, ардагерлерге шипажай-курорттық ем алуға қолдау қарастырылған – қажетті қаражат жергілікті бюджеттерде көзделген.

"5 млн теңгеден беріледі": Жеңіс күніне орай қарағандылық ардагерлерге қандай көмек көрсетіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.