jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алдағы күндері кей жерлерде 34 градусқа дейін ыстық болса, кей жерлерде үсік, бұршақ күтіледі

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 28-30 сәуір аралығында Қазақстанда күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Жалпы жауын-шашынсыз күн райы солтүстік және орталық, оңтүстік (28-29 сәуірде) және шығыс аймақтарда (29-30 сәуірде) күтіледі.

Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман түсуі ықтимал.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүруі ықтимал.

Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • батыста +15...+20°С-қа дейін;
  • солтүстік-батыста +17...+25°С-қа дейін;
  • солтүстікте +21...+26°С-қа дейін;
  • орталықта +21...+30°С-қа дейін;
  • шығыста +19...+27°С-қа дейін;
  • оңтүстікте +25...+34°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста +22...+27°С-қа дейін.
Алдағы күндері кей жерлерде 34 градусқа дейін ыстық болса, кей жерлерде үсік, бұршақ күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.