jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Нақты норма енгізді": Абзал Құспан әйелдер құқығын қорғау Абай дәуірінен басталғанын айтты

Абзал Құспан
Абзал Құспан. Видеодан кадр: youtube.com/erbolseilkhan

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан хакім Абайдың қазақ қоғамындағы әйел құқығын қорғауға қатысты прогрессивті көзқарасы мен заңдық нормалары бар екенін мәлімдеді. Депутат бұл туралы "Ой лайық" подкастына берген сұхбатында бөлісті.

Депутат подкаст барысында ұлы ақынның Қарамола съезінде бекіткен тарихи құжатына назар аударды. Оның сөзінше, сол тұста қазақ әйелдерінің тағдырын шешетін маңызды құқықтық өзгеріс енгізілген.

"Бұрын қалың малға сатылған әйел күйеуінен айырылса немесе ажырасса, оны тағы да саудалау мәселесі туындайтын. Сол кезде Абай "жоқ" деп нақты норма енгізді. Ол бойынша әйел өз тағдырын өзі шешуге ерікті болды және оған берілген қалың мал қайтарылмауға тиіс еді", - деді халық қалаулысы.

Абзал Құспан бұл шешімнің сол заман үшін үлкен бетбұрыс болғанын жеткізді. Оның пайымдауынша, Абайдың мұндай құқықтық ойлары қазақ даласындағы әлеуметтік жаңғыруға жол ашты.

Еске салайық, Абай Құнанбайұлы 1885 жылы Шар өзенінің бойында өткен Қарамола съезінде төбе би болып сайланып, қазақ қоғамына арналған арнайы заң ережелерін әзірлеуге атсалысқан.

"Нақты норма енгізді": Абзал Құспан әйелдер құқығын қорғау Абай дәуірінен басталғанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.