Қар, бұршақ, шаңды дауыл: 28 сәуірде елімізде ауа райы қандай болмақ
Жарияланған күні:
Ертең, 28 сәуірде Қазақстанда қолайсыз ауа райы болуы ықтимал. Бұл туралы синоптиктер мәлім етті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сай, қолайсыз ауа райы Қазақстанның бірқатар өңірінде орнауы мүмкін.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай мен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, шығыста бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Орталықта, республиканың қиыр батысында жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте шаңды дауыл күтілуде", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2370654-qar-burshaq-shangdy-dauyl-28-sauirde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolmaq/