jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Жүйе толықтай пайдалануға дайын": Астанада жақын уақытта LRT іске қосылмақ (фото)

LRT
LRT. Фото: facebook.com/jenis.qasymbek

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы өзінің парақшасында LRT-ны іске қосу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елорда әкімі LRT-ны тестілік қолданылу барысымен, жүйенің негізгі жұмыс параметрлерімен және инфрақұрылымның дайындығымен танысқанын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда LRT бойынша сынақ жұмысы іс жүзінде аяқталған, жүйе толықтай пайдалануға дайын. LRT-ны жақын уақытта іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір инфрақұрылым мен абаттандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр", - деді Жеңіс Қасымбек.

LRT станциясы
LRT станциясы. Фото: facebook.com/jenis.qasymbek

Оның айтуынша, LRT іске қосылғанға дейін ең алдымен станцияларға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысы толық аяқталады. Бұл ретте абаттандыру жұмысы жаз бойы белсенді түрде жалғасады.

"Қазіргі уақытта жұмысы қарқынды жүргізіліп жатқан негізгі тұстардың бірі – Тәуелсіздік даңғылынан "Нұрлы жол" жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралық", - деді Астана әкімі.

LTR станциясы
LTR станциясы. Фото: facebook.com/jenis.qasymbek

Жеңіс Қасымбек жаз мезгіліне арналған жұмыс жоспарына мына бағыттар енгізілгенін атап өтті:

  • Жол құрылысы: станцияларды қаланың көлік желісіне біріктіру үшін іргелес жолдар мен кірме жолдарды жайластыру көзделген.
  • Көгалдандыру: жасыл желек (ағаштар, бұталар және көпжылдық шөптер) отырғызу бойынша ауқымды жұмыс жоспарланған. Бұл LRT желісі бойында "жасыл дәліз" қалыптастыруға мүмкіндік береді.
  • Жарықтандыру: түнгі уақытта қауіпсіздік пен эстетикалық тартымдылықты қамтамасыз ететін заманауи жарықтандыру жүйелерін орнату қарастырылған.
  • Абаттандыру: эстакада астында шағын сәулет нысандарын орнату және қала тұрғындары үшін тартымды аймақтарды қалыптастыру жоспарланған.
LTR станциясы
LTR станциясы. Фото: facebook.com/jenis.qasymbek

"Осылайша, станциялар мен оларға апаратын жолдардың функционалдық дайындығы жақын уақытта қамтамасыз етіледі, ал LRT бағыты бойындағы ландшафтық-сәулеттік келбетті кешенді түрде қалыптастыру жаз маусымының соңына дейін жалғасады. Бұл жұмысты агротехникалық нормаларды толықтай сақтай отырып, сапалы орындауға мүмкіндік береді" - деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек.

LRT вагонының іші
LRT вагонының іші. Фото: facebook.com/jenis.qasymbek

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта Ш.Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан А62 көшесіне дейінгі аралығында құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Нысанның жалпы ұзындығы – 4,6 км.

Жоба аясында көше-жол инфрақұрылымын кешенді дамыту қарастырылған: жаяу жүргіншілер жолдары мен веложолдар салу, автотұрақ орындарын абаттандыру, сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату, суаруға арналған су құбырын тарту, сондай-ақ көгалдандыру аймақтарын әзірлеу.

"Бірінші кезекте станцияларға іргелес аумақтарды абаттандыру және оларға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кіреберіс жолдарды жайластыру жұмысы орындалып жатыр", - деді елорда әкімі.

"Жүйе толықтай пайдалануға дайын": Астанада жақын уақытта LRT іске қосылмақ (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.