4 млн-нан астам қоңырау шалынған: ҰҚК Алматыда қылмыстық топтың жолын кескенін мәлімдеді
Жарияланған күні:
ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолын кескенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.
"Атап айтсақ, олар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиянды бағдарламалық қамтылымды қолданған.
Осы схема бойынша 4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты.
Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.
ҰҚК тергеу іс-шаралары жалғасып жатқанын, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2370807-4-mln-nan-astam-qongyrau-shalyngan-uqk-almatyda-qylmystyq-toptyng-zholy-keskenin-malimdedi/