jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қостанайда ең ауқымды "QOSTANAI TECH" отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

"QOSTANAI TECH" отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі
Фото: Қостанай облысының әкімдігі

29 сәуірде сағат 9.00-дан бастап Қостанай қаласында жылдың ең ауқымды іс-шарасы басталады. "QOSTANAI TECH" отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваліне шет елдерден, Қазақстан Республикасының өңірлерінен қонақтар және Қостанай облысының тұрғындары қатысады. Бұл фестиваль Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғаларының бірі болмақ.

Фестиваль бағдарламасын Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашады.

"Аlga.peterburg" блогымен кеңінен танымал Иван Червинский фестивальдің модераторы болуға шақырылды.

Қонақтар алдында TED-форматында сөз сөйлейтін фестивальдің хэдлайнерлері қатарында ірі өндірістің, ІТ-компаниялардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері бар. Олардың арасында "KIA QAZAQSTAN" бас директоры Ким Де Ки, Freedom Cloud компаниясының CEO-сы және ҚР Президенті жанындағы ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңестің жұмыс тобының кеңесшісі Темірлан Зиналабдин, "Allur компаниялар тобы" АҚ өкілдері, технология және білім беру саласындағы кәсіпкер, Оксфордта білім алған алғашқы қазақстандық Ғабит Бекахметов және тағы басқалар бар.

"QOSTANAI TECH" отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі
Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар, атақты спортшы Василий Левит пен оның анасы Татьяна Левит, сондай-ақ басқа да танымал спортшылар мен мәдениет қайраткерлерінің ата-аналары отбасылық фестивальдің құрметті қонақтары болады.

"Жастар сарайының" күту залында қонақтарды заманауи технологиялар көрмесі ұйымдастырылады.

Екінші қабаттағы интерактивті аймақта инновациялық процестер көрсетіледі: ақылды өндіріс 5.0, автономды жүйе және технологиялардың бірлескен әрекеті, қаланың цифрлы инфрақұрылымы және урбанистика, XR-оқу мен иммерсивті мамандықтар, болашақ экологиясы, логистика, цифрлы әлемдегі қауіпсіздік туралы мәселелер және тағы басқа.

Фестиваль тек технологиялар мерекесі ғана емес, сонымен бірге эксперимент алаңы болмақ. Екінші қабатта балалар мен жасөспірімдер үшін болашақ технологиялар кеңістігі ұйымдастырылады. Мұнда мини-турнирлер өткізілетін киберспорт аренасы, технополигон, конструкторлық зертхана және робототехника аймағы құрылады. Жас буын үшін VR/AI аймағы ерекше қызығушылық тудырады, мұнда симуляциялар зертханасы ауыл шаруашылығы техникасын басқарудан бастап электр көліктерін құрастыру жұмысына дейінгі нақты өндірістік процестердің ішінде болуға мүмкіндік береді.

Көше алаңында балалар мен олардың ата-аналарына шеберлердің сабақтары, химия мен физика бойынша эксперименттер мен ғылыми шоулар, сұйық азоттың мүмкіндіктері мен Тесла шоуы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ аумақта ұйымдастырылатын көрмеде өңірдегі жетекші өндірушілердің техникасы көрсетіледі.

Автокөлік өндірісі процесін және өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын өз көздерімен көргісі келетіндер үшін күні бойы индустриялық экскурсиялар ұйымдастырылады, бұл экскурсиялар қала тұрғындары мен қонақтары үшін тұрақты болмақ.

"QOSTANAI TECH" отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі
Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Фестивальдің маңызды міндеттерінің бірі бұл отбасы құндылықтарын, ұрпақтар жалғастығын және еңбек пен білімге деген құрметті күшейте отырып, жаңа буынды машина жасау мен агроөнеркәсіп кешендерінің дамуының іргетасына айналып отырған бағдарламалау мен жасанды интеллект жүйесін зерделеуге шабыттандыру.

Фестиваль қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама жоспарланған:

  • Технологиялар мен ЖИ саласындағы жетекші спикерлердің сөз сөйлеуі.
  • Жобалар мен технологияларды көрсету.
  • Интерактивті алаңдар мен эксперимент аймағының жұмысы.
  • Өңір кәсіпорындарының көрмесі.
  • Әсерлі концерт бағдарламасы.
  • Көптеген қосымша іс-шаралар мен сыйлықтар.
Қостанайда ең ауқымды "QOSTANAI TECH" отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.