jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Үстелдің кесірінен мерекенің шырқы бұзылған тұрғын сотқа жүгінді

Дастархан
Дастархан. Иллюстрациялық фото: pexels.com

БҚО-да 300 мың теңгеге жасалған үстел шыдас бермей, қонақ күткен кезде жарылып кеткен. Сот шеберді қаражатты қайтаруға және өтемақы төлеуге міндеттеген, деп хабарлайды Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, БҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2025 жылғы қараша айында керамограниттен үстел жасатуға тапсырыс берген тұтынушы жүгінген.

Ол шебердің жұмысына 170 000 теңге, ал материалдарға 137 155 теңге төлеген.

2025 жылғы 21 мамырда дайын өнім тұтынушыға жеткізілген. Алайда қабылдау барысында ол елеулі кемшіліктерді анықтаған: үстел тұрақсыз болып, үстіңгі тақтайы майысып тұрған.

Тұтынушы бұл туралы бірден шеберге хабарлап, ақауларды жоюды талап еткен. Шебер келісіп, қосымша тіреу орнатып, үстелді қайта әкеліп беріп, оның сапасы талапқа сай екенін мәлімдеген. Дегенмен, мәселе толық шешілмеген.

Арада екі ай өткен соң, үйінде қонақ шақырып, дастарқан жайған кезде үстел жүктемеге шыдамай, дәл ортасынан бойлай жарылып кеткен. Соның салдарынан ыдыс-аяқ сынып, тағамдар бүлініп, іс-шараның шырқы бұзылған.

Үстел
Үстел. Фото: gov.kz

Оқиғадан кейін тұтынушы қайтадан шеберге жүгінгенімен, ол жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде беріп, міндеттемесін орындамаған.

Осыған байланысты тұтынушы департаментке жүгінген, оған сотқа дейінгі талап-арызды, кейіннен сотқа талап қою арызын дайындауда көмек көрсетілген. Сот отырысы онлайн форматта өтіп, мемлекеттік орган іске үшінші тұлға ретінде қатысқан.

2026 жылғы 14 сәуірдегі сот шешімімен талап қою толық көлемде қанағаттандырылған: шеберден 170 000 теңге жұмыс ақысы, 137 155 теңге материал шығыны және 15 000 теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілген.

Осы орайда департамент азаматтарға тапсырыс бермес бұрын орындаушының беделін, клиенттердің пікірлерін және жұмыс тәжірибесін мұқият зерделеу қажет екенін ескертеді.

Үстелдің кесірінен мерекенің шырқы бұзылған тұрғын сотқа жүгінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.