jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстандықтар айына неше килограмм сиыр етін жейтіні белгілі болды

сиыр еті
Сиыр еті. Көрнекі фото: pexels.com

Ұлттық статистика бюросы азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылы азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну алдыңғы жылмен салыстырғанда өскен.

Орташа есеппен жан басына шаққандағы айлық тұтыну мөлшері:

  • картоп – 3,8 кг
  • бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг
  • сиыр еті – 2,1 кг
  • алма – 1,6 кг
  • құмшекер – 1,5 кг
  • күріш – 1,4 кг
  • шикі сүт – 1,1 литр
  • айран – 1 литр
  • жұмыртқа – 17,6 дана
  • макарон өнімдері – 0,9 кг
  • жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг
  • қара шай – 0,1 кг

"Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде отбасының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі. Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар айына неше килограмм сиыр етін жейтіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.