Жетісу облысында көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасалды
Жарияланған күні:
Жетісу облысы Полиция департаменті өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірінде көлік қозғалысына уақытша өзгерістер енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәліметінше, 28 сәуірден бастап республикалық маңызы бар "Алматы–Өскемен" автомобиль жолының 213-234 шақырымы аралықтарында көлік қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі.
Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Алматы–Талдықорған бағытындағы қозғалыс қалыпты режимде болады, ал Талдықорғаннан Алматыға бағытталған көлік қозғалысы "Мұқыры" елді мекені арқылы өтетін ұзындығы 27 шақырымдық айналма жолмен ұйымдастырылады.
Осыған байланысты Жетісу облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіден жолдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.
"Жол белгілеріне мұқият болыңыздар, жылдамдық режимін сақтаңыздар және уақытша өзгертілген бағыттарды ұстаныңыздар. Жолдағы қауіпсіздік — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Құрылыс аймақтарында аса сақ болыңыздар", - дейді полиция қызметкерлері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2371218-zhetisu-oblysynda-kolik-zhurgizushilerine-mangyzdy-eskertu-zhasaldy/