Қазақстанда жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптар күшейтіледі
Жарияланған күні:
Мәжілісте мақұлданған заң жобасына сәйкес, Қазақстанда жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды және олардың қызметін бақылау тетіктерін күшейту көзделіп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң жобасында қолданыстағы жеке сот орындаушыларын заңнама мен Кәсіптік ар-намыс кодексін білу деңгейін тексере отырып аттестаттау енгізіледі. Бұл ретте жеке сот орындаушылары қайта аттестаттаудан өтпесе, лицензиядан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған адамдарды қызметке жіберуді қоса алғанда, көмекшілер мен тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар қатаңдатылады.
Сонымен қатар әділет органдарының бақылау өкілеттіктері, оның ішінде бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу және олар орындалмаған жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру құқығы кеңейтіледі. Уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша жеке сот орындаушысының шоттары бойынша қаражаттың қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну міндеті көзделеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2371338-qazaqstanda-zheke-sot-oryndaushylaryna-qoiylatyn-talaptar-kusheitiledi/