jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Тоқаев мамыр мерекесін қалай өткізіп жатыр: президент асыл тұқымды арғымақтарын көрсетті (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: instagram.com/tokayev_online

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында мамыр мерекесін қалай өткізіп жатқанын көрсетіп, видео жүктеді. Президент өзіне тарту ерткен тұлпарларын көріп қайтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында тұлпарларын көріп қайтқанын хабарлады. Видеода президент асыл тұқымды арғымақтарын көрсетті.

"Мамыр мерекесінде уақыт тауып, әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайттым.

Бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атап едім. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады.

Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтарымыздың қатарына бірнеше ай бұрын қосылған құла түстес құлынға Ақниет деп ат қойдым. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр.

Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтарымыз да бар. Арасында осында келіп, жылқыларға өз қолыммен жем беріп тұрамын.

Қазақ халқы жылқы түлігін "Ер қанаты – ат" деп ерекше қадір тұтқан. Ел ішінде жылқының қасиетін дәріптеп, ат спортын дамытуға айрықша мән беруіміз керек", - деп жазды ол.

Тоқаев мамыр мерекесін қалай өткізіп жатыр: президент асыл тұқымды арғымақтарын көрсетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.