jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

LRT жобасының екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы жұмыстар басталды (фото)

LRT құрылысы
LRT құрылысы. Фото: CTS

Астанада LRT жобасының екінші кезеңі аясында Қосшы бағытында құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды City Transportation Systems-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

CTS компаниясының Instagram-дағы аккаунтындағы мәлімет бойынша, Астана мен Қосшыны жалғайтын желінің алғашқы тірегі құйылған.

Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалған.

"Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген.

Жобаны іске асыру елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

LRT жобасының екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы жұмыстар басталды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.