jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы облысындағы тас жолда көлік қозғалысы бір айға шектеледі

автожол
Автожол. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының учаскесінде көлік қозғалысы бір айға шектеледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, Алматы облысындағы KAZ01 "Астана – Қарағанды – Алматы" авто жолын орташа жөндеу аясында 1121-1186 және 1194-1209 шақырым аралықтарында құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 12 мамырдан бастап 12 шілдеге дейін күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін Күрті – Шабыт учаскесі (1121-1177 шақырым) жабылады.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады.

"Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Айналма жол сызбасы қоса ұсынылады", - делінген хабарламада.

Айналып өту схемасы
Айналып өту схемасы. Фото: "ҚазАвтоЖол"

Алматы облысындағы тас жолда көлік қозғалысы бір айға шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.