jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда көшедегі көліктің үстіне қарағаш құлады (фото)

ағаш құлаған жер
Ағаш құлаған жер. Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда көшеге ағаш құлады. Қала әкімдігі оқиғаны қолайсыз ауа райымен және топырақтың ылғалдануымен байланыстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құлаған ағаштың фотосы Telegram желісіндегі kris_p_almaty_official арнасында жарияланды.

Жазбада бұл оқиға Алматы орталығындағы Мақатаев пен Панфилов көшелерінің қиылысында болғаны айтылған.

Алматы әкімдігінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, ағаш қолайсыз ауа райы салдарынан құлаған.

"Құлаған қарағаштың сыртынан зақымдану белгілері байқалмады (құрғаған бұтақтар, дің жарықтары, қуыстар, айқын шірік немесе бір жағына қарай иілу белгілері жоқ). Тексерістен ағаштың тамыр мойнынан сынғаны анықталды.

Құлауға қолайсыз ауа райы жағдайлары, соның ішінде топырақтың ылғалдануы себеп болды, бұл тамыр жүйесінің әлсіреуіне әкеп соққан.

Қазіргі уақытта мердігер ағаш кесу және алып тастау жұмыстарын аяқтады, жол тазартылды және көлік қозғалысы қалпына келтірілді", - деп хабарлады әкімдік.

Алматыда көшедегі көліктің үстіне қарағаш құлады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.