Елімізде Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі жәрдемақы алатын Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің саны туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлы Отан соғысына шамамен 1,2 млн қазақстандық қатысқан.
"Бүгінде елімізде Ұлы Отан соғысына қатысушылар санаулы. Қазіргі таңда арнайы мемлекеттік жәрдемақыны ел бойынша небәрі 83 адам алады, оның ішінде 69 азамат соғысқа қатысқандар, ал 14-і Ұлы Отан соғысының мүгедектері", - дейді мемлекеттік корпорация өкілдері.
Мемлекеттік корпорация өкілдері төлем алушылар саны ең көп шоғырланған бес өңірді атады. Жәрдемақы алушылардың басым көпшілігі Алматыда (26 адам), одан кейін Алматы облысында (8), Қостанай (6) және Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында (4-тен) тұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2372879-elimizde-uly-otan-sogysynyng-qansha-ardageri-qaldy/