jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстанға бағыт алған жолаушылар үшін маңызды хабарландыру жасады

Өткізу пункті
Өткізу пункті. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстанға бағыт алған жолаушыларға үндеу жасап, "Қапланбек" өткізу пунктінде көрші елге кіруді күтіп тұрған адамдар жиналып қалғанын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі "Қапланбек" өткізу пунктінде Өзбекстан  Республикасына кіруді күтіп тұрған адамдардың белгілі бір деңгейде жиналғаны туралы хабарлайды.

Бұл көршілес аумақтағы "Новои" өткізу пунктінің тіркеу жүйесіндегі іркілістерге байланысты", - делінген хабарламада.

Ведомство Қазақстан тарапынан өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, ешқандай шектеулер енгізілмегенін мәлім етті.

"Шекара өкілдері шеңберінде өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Өзбек тарапының мәліметінше, ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмыс қабілетін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстанға бағыт алған жолаушылар үшін маңызды хабарландыру жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.