jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыдағы Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі екі күнге жуық уақытқа жабық болады. Шектеулер жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Алматы жолына" сілтеме жасап.

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Осыған байланысты 13 мамыр сағат 08:00-ден 14 мамыр сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

"Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген "Алматы жолы" хабарламасында.

Жабық болатын жолдың сызбасы
Жабық болатын жолдың сызбасы. Фото: "Алматы жолы"

Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.