jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда сирена ойнады: қала тұрғындарына хабарлама жіберілді

Дабыл құрылғысы
Дабыл құрылғысы. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Алматыда сейсмикалық жаттығу өтті. Сағат 11:00-де қала бойынша сирена ойнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін Алматыда бүгін сейсмикалық жаттығу өткізілетіні туралы ескерткен. Сағат 11:00-де мегаполис тұрғындары сирена дабылын естіді, сондай-ақ Masalert жүйесі және мобильді қосымшалар арқылы қалалық хабарлау жүйесінен хабарлама алды.

"Уайымдамаңыздар! Алматыда жоспарлы түрде қалалық сейсмикалық жаттығу өтіп жатыр! Сабыр сақтаңыздар және белсенді қатысыңыздар", - делінген қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі хабарламада.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, 14 мамырда Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтетінін ескерткен. ТЖМ тұрғындардан сабыр сақтауды сұрады.

Алматыда сирена ойнады: қала тұрғындарына хабарлама жіберілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.