jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Шариғатқа қайшы емес": Құрбан айтта құрбандықты қашықтан шалуға болады

Қой
Қой. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде Айт кезінде құрбандықты қашықтан шалуға болады. Тұрғындар малды онлайн таңдап, бағасына келісіп, төлемді интернет арқылы жасай алады. Бұл үшін мүфтият арнайы сайтты іске қосты, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Құрбан айтта мал базарын аралап, қасапшы іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Арнайы платформа арқылы сатып алынған мал мешіт қызметкерлерінің қатысуымен шариғат талаптарына сай сойылып, мұқтаж отбасыларға үлестіріледі. Сайттағы ақпаратқа сәйкес, ірі қараны жеті адам бірігіп шалуға мүмкіндік бар. Тапсырыс берушілерге рәсімнің фото және видео есебі жолданады.

Бұл, әсіресе уақыты тапшы немесе басқа қалада жүрген азаматтарға қолайлы. Онлайн құрбан шалуға қой, ешкі, сиыр немесе түйе таңдауға болады. Имамдар қашықтан құрбан шалу шариғатқа қайшы емес, деп қолдап отыр.

"Мал базарға, мал шалатын жерге қол тимейтін немесе алыстан шалғысы келетін адамдарға онлайн сайт дайындап қойды. Құрбан мал шалатын жерде малын шалып, тапсырыс берген адамның етін мұқтаждарға қала бойынша мешітке тіркелген мұқтаждардың тізімі бойынша таратады", - дейді Ақтөбе облысы “Нұр ғасыр” мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов.

Дереккөз: "КТК" арнасы

"Шариғатқа қайшы емес": Құрбан айтта құрбандықты қашықтан шалуға болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.