jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

ҰБТ тапсырмалары интернетте тарап кеткені рас па: Ұлттық тестілеу орталығының жауабы

ҰБТ
ҰБТ тапсырып отырған талапкерлер.Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығы қазақстандық түлектерді "ҰБТ-дан өтуге көмектесуді" ұсынатын алаяқтардан абай болуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желілерде "ҰБТ-дан өткізіп береміз", "грант алып береміз" немесе "тест сұрақтарының жауабы бар" деген мазмұндағы хабарламалар тарап жатыр.

"Мұндай ұсыныстардың барлығы – алаяқтық әрекеттер. Азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырамыз.

Сонымен қатар әр тестіленушіге жеке тест нұсқасы қалыптастырылатынын еске саламыз. Осыған байланысты интернетте таралатын "слив" материалдары нақты тест тапсырмаларымен сәйкес келеді деген пікір шындыққа жанаспайды", - делінген орталық хабарламасында.

️Орталық тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты барлық факт анықталған жағдайда, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданатынын ескертті.

"Тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі болып табылады және оларды заңсыз жариялау мен тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.

ҰБТ-ға тек өз біліміңізге сеніп дайындалуға шақырамыз. Академиялық адалдық қағидаларын бірге сақтайық", - деп қосты орталық мамандары.

ҰБТ тапсырмалары интернетте тарап кеткені рас па: Ұлттық тестілеу орталығының жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.