jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Іле-Алатау паркіндегі тастарды бүлдіргендер ондағы жазуды өз қолымен кетірді

Тасты тазалау сәті
Тасты тазалау сәті. Видеодан кадр: instagram.com/ile_alatau_nationalpark

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында тастарды бүлдіргендер ондағы жазуларды өз қолымен тазалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ұлттық саябаққа сілтеме жасап.

Іле-Алатау табиғи саябағының Instagram аккаунтында Бутаковский сарқырамасы маңындағы тастарға әлдебіреулер жазу жазып кеткені туралы хабарланды. Ұлттық саябақ қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау ережелерін бұзған адамдарды анықтады. Олар білім беру орталықтарының бірінің оқушылары болып шықты.

"Оқушыларға түсініктеме жүргізілді, олар мұндай әрекетке баруға болмайтынын түсініп, аумақты тазалау үшін бірлесіп жұмыс істеді, тастардағы жазуларды толығымен өшірді. Олар сондай-ақ табиғи орынға келтірілген залал үшін кешірім сұрады", - делінген жазбада.

Іле-Алатау саябағы өкілдері келушілерге табиғи аумақтардың ортақ мұра екенін еске салып, азаматтардан саябақта болу ережелерін сақтауды, аумақты таза ұстап, айналадағы табиғатты құрметтеуді сұрады.

Іле-Алатау паркіндегі тастарды бүлдіргендер ондағы жазуды өз қолымен кетірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.