jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыдағы аудандардың бірінде суық су болмайды

Су
Су. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматының Бостандық ауданында уақытша суық су болмайды. "Алматы су" кәсіпорны қай көшелердегі тұрғын үйлерде су болмайтынын нақтылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы судың" Instagram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, 20 мамыр сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін суық сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты суық су беру уақытша шектеледі", - делінген хабарламада.

Шектеу Бостандық ауданындағы мына тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға әсер етеді: Әл-Фараби даңғылы – Жароков көшесі – Левитан көшесі – Үлкен Алматы өзені контурында орналасқан Қазақфильм, Нұр-Алатау, Бағанашыл-1,2 шағынаудандары.

"Жоспарға сай алдын алу жұмыстары ауданның тұрақты сумен жабдықталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 274-66-66", - деп қосты "Алматы су" өкілдері.

Алматыдағы аудандардың бірінде суық су болмайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.