jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Хантавирус жұғуы мүмкін: ДСМ шетелге шығатын қазақстандықтарды абай болуға шақырды

Дәрігер
Дәрігер. Иллюстрациялық фото: kokoroyuki / Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға хантавирус инфекциясына қарсы сақтық шараларын еске салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға мынадай сақтық шараларын ұстануға кеңес беріп отыр:

  • шетелге шыққан жағдайда кеміргіштерден және олардың бөлінділерінен (зәр, нәжіс, сілекей) аулақ болу, кеміргіштер мекен ететін орындарға бармау;
  • кеміргіштермен ластануы мүмкін азық-түлік пен суды пайдаланбау, стихиялық және көшедегі сауда орындарында тамақтанудан бас тарту;
  • азық-түлікті тығыз жабылатын ыдыстарда сақтау;
  • жабық үй-жайларда болған кезде бөлмені алдын ала желдету және дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып бөлмені тазалау;
  • үй-жайларды тазалау кезінде жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маска) пайдалану;
  • адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактикалық шараларды (арақашықтықты сақтау, маска, дезинфекциялық құралдар) қолдану, қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау;
  • сапардан оралғаннан кейін 1–8 апта ішінде әлсіздік, жоғары температура, айқын әлсіздік, бұлшықеттің ауыруы, жөтел немесе ентігу белгілері пайда болса, шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіну қажет.

Хантавирустық инфекция — кеміргіштерден немесе олардың бөлінділерінен (зәр, нәжіс, сілекей) адамға жұғатын қауіпті вирустық ауру. Вирус адам ағзасына шаң, тамақ, су арқылы немесе кеміргіш тістеген жағдайда жұғуы мүмкін.

Хантавирус жұғуы мүмкін: ДСМ шетелге шығатын қазақстандықтарды абай болуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.