jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстандағы ішкі әуе рейстерінде биометрия енгізілмек

жолаушы
Жолаушы. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев министрлер кабинетінің отырысында Қазақстанның әуе саласын дамыту жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Сауранбаев әуе саласында цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатқанын атап өтті.

"Q-Gate жүйесі тексеруден өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартады. Қазіргі уақытта Астана мен Алматы әуежайларында 16 терминал жұмыс істейді. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе мен Ақтау қалаларында тағы 16 терминал салу жоспарланып отыр.

Келесі кезең ішкі рейстерге биометрияны енгізуді қамтиды. Пилоттық жоба Астана-Шымкент бағытында жүзеге асырылады", - деді министр.

Оның айтуынша, қазақстандық әуе компаниялары 2025 жылы 15 миллион жолаушы тасымалдаған. Биыл алғашқы төрт айда жолаушылар саны 4 миллионнан асты. 2025 жылы әуежайлар 32 миллион жолаушы мен 173 000 тонна жүк тасымалдады.

Қазақстандағы ішкі әуе рейстерінде биометрия енгізілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.