jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Биыл еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Қоңырау ұстаған оқушы
Қоңырау ұстаған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын. Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының соңындағы іс-шаралардың қандай форматта өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқушылар бірер күннен соң оқуды тәмамдайды. Оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

NUR.KZ тілшісі биылғы 9 және 11 сынып оқушыларының мектеп бітіруіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар қандай форматта өтетінін анықтау үшін ведомствоның баспасөз қызметіне хабарласты.

"Оқу жылының аяқталуын атап өту үшін мерекелік іс-шара ұйымдастыру туралы шешімді мектептер өз бетінше қабылдайды. Мектептің барлық дәстүрі, соның ішінде мектепке және мұғалімдерге алғыс білдіру, өлең оқу, ән айту және түлектердің вальсі сақталады", - деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.

Министрлік барлық мектептерде "Білім - Отаныма!" тақырыбында сынып сағаттары өтетінін атап өтті.

Биыл еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.