jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыдағы әл-Фараби даңғылы мен тағы бірнеше көшеде автобус жолағы пайда болады

Әл-Фараби даңғылы
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыдағы әл-Фараби, Сайын, Шығыс айналма жолы және Рысқұлов даңғылында автобус жолақтары енгізіледі. Бұл туралы Алматы қалаcы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы басшысы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қиындықтар да жоқ емес, бірақ жауапкершілікті өз мойнымызға алып, автобус жолағын енгізгіміз келеді. Қазіргі уақытта жол қозғалысын ұйымдастыру схемасын әзірлеуді аяқтап қалдық. Жолақ санын қысқартпаймыз, автобус жолағын енгізу үшін ету жолақтарды тарылтамыз.

Қазіргі жолақтың ені 3,75 м екені белгілі және бұл бізге автобус жолағының енін тарылту арқылы автобус жолағын қосуға мүмкіндік береді.

Шешім қабылдаған кезде біз әрқашан әлемдік тәжірибені зерттейміз, талдау, зерттеу және көліктік модельдеу жүргіземіз, содан кейін қаламызға сәйкес келетін шешімдер мен инновацияларды енгіземіз", - деді Алматы қаласы жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша жұмыс былтыр күзден бері жүріп жатыр және қазір аяқталуға жақын. Алдағы жазда әл-Фараби, Сайын, Шығыс айналма жолы және Рысқұлов даңғылында автобус жолақтары ашылады деп күтіліп отыр. Спикердің сөзіне сенсек, бұл қоғамдық көліктің кедергісіз жүруін қамтамасыз ете алады.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылы мен тағы бірнеше көшеде автобус жолағы пайда болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.