jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматылықтар Құрбан айт мерекесі кезінде қай жерде құрбандық шала алады

Құрбандық шалу
Қой. Көрнекі сурет: pexels.com

Алматыда тұрғындардың Құрбан айт кезінде қай жерде құрбандық шала алатыны белгілі болды. Қалада барлығы 12 арнайы алаң белгіленеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құрбан айт күндері және айт намазы

Биыл Құрбан айт күндері 27, 28 және 29 мамырға түсіп тұр. Алматының бас имамы Төлеби Оспан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлағандай, қаланың барлық 56 мешітінде 27 мамыр сағат 06:00-де мерекелік айт намазы оқылады.

Құрбандық шалуға арналған арнайы алаңдар

Құрбандық шалу орындары қаланың бес ауданында ұйымдастырылған:

Алатау ауданы:

  • "Мырзахмет" мешіті – Қарасу шағын ауданы, Солтүстік айналым көшесі, 15;
  • "Алғабас" мешіті – Алғабас шағын ауданы, Ақбөпе көшесі, 6;
  • "Әл-Әзим" мешіті – Азат көшесі, 20а;
  • "Нұр" мешіті – Ұйғыр көшесі, 16/1.

Бостандық ауданы:

  • "Бақыткелді" мешіті – Хан-Тәңірі шағын ауданы, Дулати көшесі, 27/11.

Медеу ауданы:

  • "Омар ибн әл-Хаттаб" мешіті – Жуков көшесі, 136а;
  • "Аманқұл ата" мешіті – Т. Бигелдинов көшесі, 5;
  • "Фатима" мешіті – Малая көшесі, 14;
  • "Райымбек батыр" мешіті – Думан-1 шағын ауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15;
  • "Арафат" мешіті – Ибрагимов көшесі, 5а.

Наурызбай ауданы:

  • "Қалқаман-2" мешіті – Қалқаман-2 шағын ауданы, Аспандияров көшесі, 84.

Түрксіб ауданы:

  • "Қайрат" мешіті – Қайрат шағын ауданы, Сарымулдаев көшесі, 22.

Арнайы орындарда құрбандық шалу рәсімінің діни талаптарға сай орындалуын мешіт қызметкерлері қадағалайды.

Онлайн-формат және ет тарату

Алматыда тұрғындар қашықтан құрбандық шалуға тапсырыс беруі үшін qurban.muftyat.kz онлайн-сервисі қайта іске қосылды. Рәсім орындалғаннан кейін пайдаланушыларға видеоесеп жіберіледі.

Сондай-ақ платформа арқылы мұқтаж отбасылардан ет алуға өтінімдер қабылданады. Ет қабылдау және оны тарату пункттері қаланың барлық 56 мешітінде ұйымдастырылады. Өнімдерді сақтау мен тасымалдау үшін арнайы тоңазытқыш камералары мен көліктер дайын тұр.

Мерекелік шаралар мен қайырымдылық

Құрбан айт мерекесі аясында Алматының бірқатар мешітінде киіз үйлер тігіліп, жамағатқа тағам таратылады.

Ұлттық стильдегі спорттық іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары жоспарланған. Мұқтаж отбасыларға, қарттар үйлері мен балалар мекемелеріне азық-түлік себеттері таратылады.

Алматылықтар Құрбан айт мерекесі кезінде қай жерде құрбандық шала алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.