jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда кене шаққандарға көмек көрсететін жедел желі іске қосылды

Кене
Кене. Нейрожелі арқылы жасалған сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

Алматыда кене шаққан тұрғындарға арналған жедел желі іске қосылды. Мамандар кене шаққанда не істеу керектігіне байланысты сұрақтарға жауап беру үшін байланыста болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, Алматыда 1312 жедел желісі жұмыс істеп тұр. Тұрғындар бұл нөмір арқылы кене энцефалитіне қарсы вакцинация бойынша кеңес алып, кене шаққан жағдайда не істеу керектігі туралы ақпарат ала алады.

Дәрігерлердің айтуынша, кене шаққаннан кейін алғашқы 96 сағат ішінде міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәл осы кезеңде шұғыл профилактика үшін иммуноглобулин енгізу ең тиімді нәтиже береді.

Медициналық көмек қалалық ауруханалардың травматологиялық пункттерінде көрсетіледі. 18 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты ауданына қарамастан, Манас көшесі, 40 мекенжайындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында қабылданады.

Мамандар алдын ала вакцина алуға да кеңес береді. Алматы емханаларында 16 жастан асқан тұрғындарға арналған "ТикоВак" вакцинасы қолжетімді. Қаладағы медициналық ұйымдар қажетті вакцина мен иммуноглобулин қорымен қамтамасыз етілген.

Қосымша ақпарат алып, қайда жүгіну қажет екенін 1312 нөмірі арқылы білуге болады.

Алматыда кене шаққандарға көмек көрсететін жедел желі іске қосылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.