jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жүргізушілерді медициналық куәландыру: ДСМ наркоорталықтарда тексеру жүргізбек

Көлік жүргізуші
Көлік жүргізуші. Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша наркологиялық орталықтарды тексеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтардың тарабынан жіберілетін заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар және алкогольдік масаң күйді анықтау бойынша куәландыру жүргізу кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты анықталған фактілер қаралды.

Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында барлық өңірлік наркологиялық орталыққа кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.

️Ведомство басшысы заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар қолданыстағы заңнаманың шеңберінде процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетінін атап өтті.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін ДСМ-нің тиісті бұйрығына рәсімдердің ашықтығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді.

"️Денсаулық сақтау министрлігі аталған мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр", - делінген министрлік хабарламасында.

Жүргізушілерді медициналық куәландыру: ДСМ наркоорталықтарда тексеру жүргізбек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.