jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге және ақша жинауға тыйым: әкімдіктер мен полиция түлектерді бақылауға алады

бітіруші сынып
Түлектер: pexels.com

Министрлер кабинетінің отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова түлектерге аттестат табыстау рәсімі қалай өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі 17-18 маусымда өтеді.

"Бітіру кештері тек білім беру мекемелерінде ғана өткізілуге тиіс. Түлектердің мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және банкет залдарында ұйымдастыруға, сондай-ақ заңсыз қаражат жинауға тыйым салынады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар бірлескен бұйрық шығарды. Әкімдіктер бұл мәселені құқық қорғау органдарымен бірлесіп мұқият бақылауға алуы керек", - деді ол.

Министрдің айтуынша, биыл мектепте 3,9 млн оқушы білім алған. Олардың 343 мыңы 9-сыныпты, ал 215 мыңы 11-сыныпты бітіріп жатыр. 13 175 түлек "Алтын белгіге" үміткер болса, 11-сыныпты бітірген 18 555 түлек пен 9-сыныпты бітірген 31 181 оқушы қызыл аттестаттан үмітті.

Мектеп түлектерінің қорытынды бағалауы 29 мамырдан 15 маусымға дейін өткізіледі. Ашықтық пен академиялық тұтастықты қамтамасыз ету үшін емтихан материалдары емтихан күні білім беру мекемелеріне жіберіледі.

Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге және ақша жинауға тыйым: әкімдіктер мен полиция түлектерді бақылауға алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.