jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Wildberries зерттеуі: қазақстандықтардың 94%-ы Балаларды қорғау күнін маңызды отбасылық мереке деп санайды

Балалармен уақыт өткізу
Көрнекі фото: ЖИ / Recraft.ai

1 маусым қарсаңында Қазақстанда мереке алдындағы қарбалас басталды. Балалар каникулды күтіп жүр, ал ата-аналары демалысты белсенді жоспарлауға кірісті. RWB зерттеу орталығының қызметкерлері Қазақстанда Балаларды қорғау күні қалай тойланатынын және қамқор ата-ананың мақсаты неден тұратынын анықтап білді. Қазақстан тұрғындары үшін 1 маусым – жай ғана атаулы күн емес. Сауалнамаға қатысқандардың 98%-ы бұл мереке туралы жақсы біледі, ал 94%-ы маңызды отбасылық мереке деп санайды. Толығырақ мәліметті Wildberries өкілдері бөлісті.

Респонденттердің көпшілігінің жаздың алғашқы күніне деген көзқарасы жақсы. Мәселен, 58%-ы үшін бұл күн балалардың күлкісін, ойындар және көңіл көтеруді білдіреді (айтпақшы, Қазақстан мен Қырғызстанда бұл Орталық Азияның басқа елдеріне қарағанда көбірек байқалады).

Сауалнамаға қатысқандардың 70%-ы мерекені атап өтуді жоспарлап отыр. Көпшілігі (56%) балаларын ойын-сауық шараларына апаруды көздесе, 31%-ы үйде жайлы мерекелік кеш ұйымдастырмақ.

Бюджет және сыйлық таңдау туралы

Ата-аналардың 70%-ы сыйлықты сатып алып қойған немесе таңдап жатыр. Қазіргі қазақстандық ата-аналар сыйлықты саналы әрі тиімділік тұрғысынан таңдайды. Олар үшін таңдаудағы басты критерийлер: баға мен сапа арақатынасы (56%), сыйлықтың баланың ой-қиялын дамытатындай болуы (51%) және қауіпсіз материалдардан жасалуы (48%).

Қаржы мәселесіне келсек, сыйлыққа бөлінген бюджет шамамен тең үш топқа бөлінді, ал орташа есеппен ата-аналар бір балаға 10 000 теңге жұмсайды:

● Ата-аналардың 33%-ы ойыншыққа 8 000 теңгеге дейін жұмсауға дайын;

● 34%-ы – 8 001 теңгеден 15 000 теңгеге дейін;

● 33%-ы – 15 000 теңгеден жоғары.

Зерттеу деректеріне сай, қазақстандықтар көбіне балаларға сыйлық ретінде ойын-сауық (64%) ұйымдастыруды таңдайды. Ал сыйлықтар арасында ойыншықтар, қуыршақтар мен конструкторлар (39%), шығармашылыққа арналған жинақтар (36%) және дамытатын үстел ойындары (36%) көш бастап тұр.

Отандық тауарлар мен балалар косметикасына сұраныс артқан

Қазақстандықтар жергілікті өндірушілерге көбірек сене бастады: мамыр айында отандық сатушылардың жылдам жеткізілетін тауарларының саудасы айтарлықтай өсті. Бұл ретте мамыр айында Wildberries-те жасалған сатылым жазғы киімдерге ғана емес, мереке қарсаңында балалар тауарларына деген қызығушылықтың да тұрақты өскенін көрсетіп отыр:

1. Тамақтану және бьюти-трендтер. Тамақ өнімдері санатында балалар пюресінің сатылымы – 343%-ға, сүт коктейльдері – 267%-ға, ал морс саудасы 240%-ға өсті. Сонымен қатар қамқор ата-аналар балаларға арналған күтім косметикасына жиі тапсырыс бере бастады – бүкіл ел бойынша сұраныс шамамен үш есе артты.

2. Жазға дайындық. Тек балалар ғана емес, ата-аналар да таза ауадағы белсенді жазғы демалысқа дайындалуда. Роликті конькиге сұраныс 70%-ға, ауладағы сырғанақтар мен балалар құмсалғыштарына – 193%-ға, спорттық кешендерге – 13%-ға, ал батуттарға 10%-ға өсті.

3. Кішкентай балаларға жайлылық. Мамыр айында нәрестелер үшін төсектер (өсім 76%) және олардың матрастары (өсім 18%), электронды әткеншектер (өсім 25%) және дайын күтім жинақтары (өсім 28%) көп сатылған. Ата-аналардың ұзақ жол жүру кезіндегі қауіпсіздік пен жайлылыққа ерекше мән беретіні байқалады: балаларға арналған автоорындықтар сатылымы 15%-ға, идентификациялық білезіктер – 33%-ға, ал серуендеуге арналған шуға қарсы құлаққаптар 27%-ға өсті.

Ал 1 маусымға арналған сыйлықтардың ішінде ең танымал тауарлар қатарында балалар энциклопедиялары, кішкентай оқырмандарға арналған тақпақтар мен жұбату өлеңдері, жабыстырылатын элементтері бар дамытатын ойындар, ауладағы құмсалғыштар, үйге орнатылатын сырғанақтар, сондай-ақ кішкентай үй ханымдарына арналған қуыршақ арбалары мен ағаштан жасалған ойын асханалары болды.

Неліктен таңдау маркетплейстерге түседі?

Қазақстандықтардың 60%-ы сыйлықтарды маркетплейстерден іздейді (салыстырар болсақ: кәдімгі сауда орталықтарына 36%-ы, ал жекелеген брендтердің интернет-дүкендеріне 31%-ы барады). Маркетплейстерді таңдау арқылы ата-аналар қосымшалардың ыңғайлылығын (53%), тиімді жеткізу шарттарын (50%) және баланың жасына әрі қызығушылығына сай тауарларды оңай табуға болатынын (50%) жоғары бағалайды.

Мерекелік серуенге арналған идея

Балаларды қорғау күні
Көрнекі сурет: Wildberries

Трендтерге қарап бағамдасақ, ел тұрғындарының көбі мерекені отбасымен бірге таза ауада өткізуді жоспарлап отыр. Оңтүстік астанада баратын жерлердің бірі — 1 маусымда Алматы хайуанаттар бағында өтетін Wildberries ұйымдастырған "Сафари" стиліндегі үлкен балалар мерекесі.

Ата-аналар мен бүлдіршіндерді интерактивті ойын аймақтары, "көңілді" пойыз, жүлделері бар отбасылық квест және балаларға құстардың ұясын өз қолымен жасауды үйрететін шеберлік сыныптары күтеді. Бұл – таза ауада уақыт өткізіп, жазды ерекше көңіл күймен қарсы алудың тамаша мүмкіндігі.

Wildberries зерттеуі: қазақстандықтардың 94%-ы Балаларды қорғау күнін маңызды отбасылық мереке деп санайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.