jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жамбыл облысында арнайы жасақ қызметкері мерт болды

Арнайы жасақ
Арнайы жасақ. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы қайғылы оқиға туралы ақпарат тарады. Өңірде арнайы жасақ инспекторы қайтыс болған. Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Halyqstan арнасында жарияланған мәлімет бойынша, оқиға 28 мамырда таңертең Қордай аудандық полиция бөлімінде, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ казармасының дәлізінде болған, онда 1995 жылы туған арнайы жасақ инспекторы өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

"Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оны ауыр халде шұғыл орталық аудандық ауруханаға жеткізген.

Өкінішке қарай, ол сол кеште есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болған", - делінген хабарламада.

Жамбыл облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қызметтік тексеру басталған. Алдын ала ақпарат бойынша, бұл жайт қызметпен байланысты емес.

Ведомство ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа деректер жарияланбайтынын мәлім етті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram