jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда кімдердің жалақысы 2,5 есеге дейін артады

ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда ветеринарияны дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Оның аясында ветеринария қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделген, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда 2026-2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспары бекітілген.

Жоспардың негізгі басымдықтары – жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы күрес, ветеринария мамандарының жалақысын көтеру, ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және тағы басқалары.

"2030 жылға қарай Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын 80 пайызға дейін жаңарту және толықтыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға қатысты ветеринариялық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қоры 1,5-2,5 есеге дейін артады", - делінген хабарламада.

Жалпы кешенді жоспарды жүзеге асыру аккредиттеу саласын кеңейте отырып, зертханалық базаны күшейтуге, ел аумағына әкелінетін және ішкі нарықта өткізілетін бақылаудағы жүктерге мемлекеттік бақылауды күшейтуге, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram