jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Желіде Арман Шораевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарады

Арман Шораев
Арман Шораев. Фото: facebook.com/Arman Shorayev

Желіде журналист және қоғам белсендісі Арман Шораевқа іздеу жарияланғаны және хабарлама Қосшыдағы полиция бөлімшелерінің бірінде ілініп тұрғаны туралы ақпарат тарады. Ақмола облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 мамырда полицияға Көкшетау тұрғынынан кәмелетке толмаған ұлына азамат Ш. дене жарақатын келтіргені туралы арыз түскен.

Арыз бойынша бастапқы процессуалдық іс-әрекеттердің аясында қызметкерлерге өтініште көрсетілген азаматты бөлімге жеткізу тапсырылды.

"Сол күні азаматтың өзі полиция бөліміне келді, онда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оның қатысуымен қажетті процессуалдық әрекеттер мен тексеру шаралары жүргізілді.

Осыған байланысты жеке құрамға берілген жеткізу жөніндегі бағдар өзектілігін жоғалтты", - деп атап өтті Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері.

Желіде Арман Шораевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.