jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бүкіл елде біреу ғана: жыл басынан бері нәрестелерге ең сирек қойылған есімдер жария болды

нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

2026 жылдың басынан бері қазақстандықтардың балаларына қандай есімдер қойғаны белгілі болды. KAZ.NUR.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап, ең танымал және ең бірегей есімдерді назарға ұсынады.

Бүгін, 1 маусым, Балаларды қорғау күнінде NUR.KZ тілшісі 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтардың дені жаңа туған ұлдар мен қыздарға қандай есімдерді қойғанын, сондай-ақ қандай есімдер ең сирек кездесетінін анықтауды жөн көрді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында Қазақстанда ұлдарға ең көп қойылған есім — Алан, ал қыздар арасында ең көп қойылғаны — Айлин.

Жаңа туған нәрестелер арасындағы ең танымал 10 ұл бала есімі:

  • Алан — 957;
  • Әлихан — 792;
  • Мұхаммед — 791;
  • Айсұлтан — 778;
  • Алдияр — 715;
  • Хамза — 688;
  • Омар — 688;
  • Әлтайыр — 649;
  • Мұхаммад — 644;
  • Әмір — 625.

Жаңа туған нәрестелер арасындағы ең танымал 10 қыз бала есімі:

  • Айлин — 1744;
  • Асылым — 1449;
  • Медина — 1234;
  • Томирис — 1122;
  • Айша — 913;
  • Аяла — 867;
  • Мариям — 795;
  • Сафия — 773;
  • Айым — 768;
  • Әдия — 741.

Бірегей есімдер

Ұлдар арасындағы ең сирек есімдер: Әл-Әли, Абдуқодир, Яшар, Райымхан, Рузали, Шерәлі, Халилла, Бектілес, Камранбек, Ферид.

Ал қыздар арасындағы бірегей есімдер: Ирислиқой, Айбану, Селвин, Леонэль, Бегайым, Ақбата, Анара, Аша, Жаңылсын, Бақыт.

Жыл басынан бері мұндай есімдер қойылған нәрестелер ел бойынша тек бір реттен ғана кездескен.

Бүкіл елде біреу ғана: жыл басынан бері нәрестелерге ең сирек қойылған есімдер жария болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram