jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда жүргізушілердің қандай айыппұлдары кешірілуі мүмкін

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қазақстанда әкімшілік рақымшылық бойынша жүргізушілердің қандай айыппұлдары кешірілетінін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс кулуарында журналистерге сұхбат берген Санжар Әділов жүргізушілердің қандай айыппұлдары кешірілуі мүмкін екенін айтты.

"Біріншіден, Ішкі істер министрлігі бойынша 58 бап қарастырылғаны белгілі. Осы санатқа жататын құқық бұзушылықтардың көбі жол қауіпсіздігіне қатысты.

Оларға жол белгілерін елемеу, ұялы телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау және басқалары жатады. Тағы да атап өткім келеді – әкімшілік рақымшылыққа қоғамға қауіпті емес және азаматтарымыздың қауіпсіздігіне әсер етпейтін әрекеттерге қатысты бұзушылықтар ілігеді", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Қазақстанда жүргізушілердің қандай айыппұлдары кешірілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.