jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанада 7 мың адам қатысатын марафонға байланысты қандай көшелер жабылады

Марафон қатысушылары
Марафон қатысушылары. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Астанада марафонға байланысты 6-7 маусымда бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, елордада 7 маусымда Astana Half Marathon жарысы өтеді. Оған әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады.

Осыған байланысты 6 маусым күні сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.

Жарыс өтетін 7 маусым күні мына учаскелерде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады:

  • Сарайшық көшесі (Р. Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін;
  • Д. Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен «Қазақ радиосы» көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
  • "Қазақ радиосы" көшесі (Д. Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
  • "Достық көшесі ("Қазақ радиосы" көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
  • Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 08:10-ға дейін;
  • Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO халықаралық көрме орталығы маңында) – сағат 06:30-дан 07:25-ке дейін;
  • Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:35-тен 08:15-ке дейін;
  • Түркістан көшесі (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – сағат 06:45-тен 08:20-ға дейін;
  • Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И. Панфилов көшесіне дейін) – сағат 06:48-ден 08:40-қа дейін;
  • И. Панфилов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:00-ден 08:45-ке дейін;
  • Ж. Нәжімеденов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:14-тен 08:45-ке дейін;
  • Тәуелсіздік даңғылы (И. Панфилов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін) – сағат 07:00-ден 08:55-ке дейін.

"Көшелер жарысқа қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады. Көлік қозғалысы толықтай сағат 09:00-ге дейін қалпына келтіріледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруі қажет", - делінген хабарламада.

Көшелердің жабылу схемасы
Көшелердің жабылу схемасы. Фото: Астана әкімдігі

Астанада 7 мың адам қатысатын марафонға байланысты қандай көшелер жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.