jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Көкпар жаттығуы кезіндегі жасөспірімнің өлімі: депутат ойындар бақыланбайтынын айтты

көкпар
Ойын барысы. Фото: Көкпар федерациясы

Ақмола облысында жасөспірім қайтыс болғаннан кейін Мәжіліс депутаты Болат Керімбек көкпар ойындары үшін бірыңғай қауіпсіздік талаптарын белгілеуге шақырды. Ол ойындар көбінесе бейресми өтетінін және бақыланбайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, көкпар - Қазақстанның ең маңызды ұлттық дәстүрлерінің бірі және ол жыл сайын мыңдаған қатысушы мен көрерменді тартады. Бұл ойын әсіресе Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстарында ерекше танымал.

Болат Керімбек атап өткендей, тек 2025 жылдың қараша-желтоқсан айларында бұл аймақтарда көкпардан 130-ға жуық ресми жарыс өтсе, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында 80-нен астам турнир ұйымдастырылған. Сонымен қатар ойындардың басым бөлігі бейресми түрде өтеді және іс жүзінде бақыланбайды.

"Кейбір жағдайларда ойынға 400–500-ден 1500–2000-ға дейін адам қатысады. Мұндай жағдайда спорттық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау қиын", – деп түсіндірді ол.

Депутат, сондай-ақ, жас шектеулері, медициналық сүйемелдеу және аттарды күтіп-ұстау жағдайлары бойынша нақты ережелердің жоқтығына назар аударды. Оның айтуынша, жарыс кезінде жануарларға қатыгездік көрсету, допинг қолдану және әдейі қақтығысу жағдайлары жиі тіркеледі.

Бұл үндеуге 2026 жылдың 26 мамырында Ақмола облысының Целиноград ауданында болған қайғылы жағдай себеп болды.

"Көкпар жаттығуы кезінде 14 жасар жасөспірім аттан құлап, ауыр жарақат алу салдарынан қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, шара ресми келісімсіз ұйымдастырылған, ал қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселесі ашық күйінде қалған", – деп атап өтті мәжілісмен.

Осыған байланысты Керімбек бұқаралық көкпар үшін бірыңғай қауіпсіздік стандартын әзірлеуді және бекітуді ұсынды.

Көкпар жаттығуы кезіндегі жасөспірімнің өлімі: депутат ойындар бақыланбайтынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.