"Пәкiстан арқылы": Air Astana Дубаймен әуе қатынасын жандандырады
Жарияланған күні:

Air Astana әуекомпаниясының ұшақтары Дубайға қайта қатынай бастайды. Бұл туралы әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Компанияның мәліметінше, Air Astana 20 маусымнан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 10 шілдеден бастап Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін жандандыруды жоспарлап отыр.
"Иран әуе кеңiстiгiнiң жабылуына байланысты ұшулар Пәкiстан арқылы қауiпсiз және сенiмдi әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсатында орындалады", - делінген хабарламада.
Ұшу кестесі кезең-езеңмен кеңейтілетін болады:
Алматы-Дубай-Алматы
- 15-21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі)
- 22-28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі)
- 29 маусым - 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа)
- 6-12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Астана-Дубай-Астана
- 10-19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі)
- 20-26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
- 27 шілде - 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер)
- 3-9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Билеттері 31 шілдеге дейін қайта брондалған жолаушыларға: 20 маусымнан бастап Алматыдан Дубайға, 10 шілдеден бастап Астанадан Дубайға ұшуға тегін қайта брондау ұсынылады.
"Әуе компаниясы аймақтағы оқиғаларды бақылайды және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Air Astana әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты ақпанның соңында Таяу Шығыс елдеріне соның ішінде Дубайға тұрақты рейстерді тоқтатқан болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2384862-pakistan-arqyly-air-astana-dubaimen-aue-qatynasyn-zhandandyrady/
