Щучинскте ірі бұршақ пен нөсер жауды: шатырлар құлап, подъездерді су басты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақмола облысының Щучинск қаласында бұршақ аралас нөсер жауып, тұрғындарды әбігерге салды. 4 маусымда жарты сағаттың ішінде көшелер суға толып, көпқабатты үйлердің ішін су басқан, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Көшелер көлге айналып, көліктер суда қалған, кей үйлердің шатыры құлаған. Ал жоғары қабаттардағы су ағызатын құбырлар су ағынын көтере алмай, су ішке ақты. Жаңбыр суы саты бойымен ағып, подьездің іші суға толып кетті.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, осындай табиғи апатта көпқабатты үйлердің шатырынан су кету, жертөлесі суға толғаны сияқты мәселелерді жедел шешу үшін үйдің өз басқару нысаны болуы шарт.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры пәтер иелерінің ортақ мүлкі саналады. Оны жөндеу пәтер иелерінің қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру көзделмеген", - дейді Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Ержан Қалбаев.
Сонымен қатар әкімдік тұрғындарға қажетті жөндеу жұмысын жүргізу мәселелері бойынша ұйымдастырушы және үйлесімді көмек көрсетуге, сондай-ақ жұмысты атқарушы компаниялармен өзара іс-қимыл жасауға дайын.
Дереккөз: "КТК" арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2385174-shuchinskte-iri-burshaq-pen-noser-zhaudy-shatyrlar-qulap-podezderdi-su-basty-video/