35°C аптап, жаңбыр мен дауыл: жексенбіде Қазақстан өңірлерінде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Синоптиктер болжамынша, 7 маусым, жексенбіде Қазақстан өңірлерінде күн қатты ысып, кей аймақтарда жаңбыр мен бұршақ жауады. KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап, жексенбіге ауа райы болжамын ұсынады.
7 маусымда түнде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 7 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
7 маусымда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 7 маусымда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең тұман түседі.
7 маусымда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
7 маусымда түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 18 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматы қаласында 7 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Қонаев қаласында 7 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 7 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18 м/с-қа жетеді.
7 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 7 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады.
7 маусымда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында 7 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
7 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с-қа жетеді. Күндіз 35 градус аптап сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында 7 маусымда күндіз 35 градус аптап болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
7 маусымда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 7 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі.
7 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 7 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
7 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
7 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус аптап болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 7 маусымда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
7 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз тауда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкент қаласында 7 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 7 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
7 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында 7 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
7 маусымда түнде Ақмола облысының батысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында 7 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
7 маусымда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 7 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында 7 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі.
7-12 маусым аралығында Абай облысында ауа температурасы күндіз 30-37 градусқа жетеді. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
7-12 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз 30-37 градусқа дейін жоғарылайды. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
8-12 маусым аралығында Жетісу облысында ауа температурасы күндіз 30-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
7 маусымда Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2385303-350c-aptap-zhangbyr-men-dauyl-zheksenbide-qazaqstan-ongirlerinde-aua-raiy-qandai-bolady/