jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанадағы LRT станцияларында ұландықтар қызмет атқара бастады: олардың міндеті не (видео)

Военнослужащий на станции LRT
Военнослужащий. Скриншот из видео: Национальная гвардия МВД РК

Астанадағы LRT станцияларында енді Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қызмет етеді. Мұның себебін Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, елорда тұрғындарының жеңіл рельсті көлікке деген қызығушылығының және жолаушылар ағынының артуына байланысты ұландықтар LRТ станцияларында қызмет атқара бастаған.

Олар қоғамдық тәртіпті қадағалауға, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына, жолаушылар қозғалысын реттеуге көмектеседі.

"Сарбаздар станциялардың ішінде ғана емес, оған іргелес аумақтарда да қызмет атқарады. Дәлірек айтсақ, азаматтарға көмек көрсетеді және жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Негізгі міндет – елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ қоғамдық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Азаматтардың қауіпсіздігіне және төтенше жағдайларға жол бермеуге ерекше назар аударылады", - делінген хабарламада.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда қызмет 17 станцияда екі ауысымдық режиммен жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар полиция қызметкерлерімен, көлік қызметтерінің өкілдерімен және LRT әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған.

Астанадағы LRT станцияларында ұландықтар қызмет атқара бастады: олардың міндеті не (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.