jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жетісу облысындағы сарбаз қазасы: батальон командирінің орынбасарына сот үкімі шықты

Әскери қызметші
Әскери қызметші. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жетісу облысында батальон командирінің орынбасары қызметке салғырт қарағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы гарнизонының әскери сотында Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қаза болу фактісіне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталған.

2025 жылғы 23 қыркүйекте жеке құрамның қарумен жұмыс істеу барысында пулеметтен абайсызда оқ атылып, салдарынан оқ жарақатын алған қатардағы жауынгер Сейтқали Ә., қайтыс болған.

Іс бойынша қадағалауды жүргізу барысында әскери прокурорлар қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған қажетті тергеу және процестік әрекеттердің толық жүргізілуін қамтамасыз еткен.

"Тергеп-тексеру барысында батальон командирінің орынбасары қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етпегені, сондай-ақ алдыңғы өткізілген атыстардан кейін қаруды толық тексеруді ұйымдастырмағаны анықталды. Соның салдарынан ұңғыда қалып қойған оқ әскери қызметшінің қаза болуына себеп болды", - делінген хабарламада.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша аталған лауазымды тұлға Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау) бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысындағы сарбаз қазасы: батальон командирінің орынбасарына сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.