jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Аттестат тапсыру рәсімі: Астана әкімдігі ата-аналар мен түлектерге үндеу жасады

Мектеп бітіру кеші
Мектеп бітіру кеші. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Астанадағы білім беру ұйымдарында 18 маусым күні жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді. Осыған байланысты қала әкімдігі ата-аналар мен түлектерге үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік ресми сайтында мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде ата-аналар мен түлектер қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы қажет екенін еске салды.

Түлектердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, дәмханаларда, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге, автокортеж ұйымдастыруға, таңды қарсы алу шараларын өткізуге, сондай-ақ қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға жол берілмейді.

Сондай-ақ аттестат тапсыру рәсімін ұйымдастыру мен өткізу кезінде ата-аналарға, заңды өкілдерге немесе оқушыларға ақша, сыйлық, түрлі жарналар мен өзге де материалдық заттар жинауға қатаң тыйым салынатыны ескертілген.

"Мектеп бітіру кешінің басты құндылығы – қымбат мейрамхана мен мерекелік дастарқан емес. Оның шынайы мәні – ұстаздарға алғыс білдіру, мектеппен қоштасу, сыныптастармен ерекше естеліктерді бөлісу және болашаққа сеніммен қадам басу.

Ата-аналар мен түлектерді осы айтулы күнді жоғары мәдени деңгейде өткізуге, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және өзара жауапкершілік танытуға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Аттестат тапсыру рәсімі: Астана әкімдігі ата-аналар мен түлектерге үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.