jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астана әуежайы жолаушыларға дабыл жүйесі іске қосылуы мүмкін екенін ескертті

жолаушылар
Жолаушылар. Көрнекі фото: pexels.com

Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі жоспарлы жұмыстарға байланысты жолаушыларға Терминал 1 ғимаратында жалған өрт дабылы жүйесі іске қосылатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Терминал 1 (T1) ғимаратында автоматты өрт дабылы жүйесі бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

Осы кезде өрт панельдері уақытша өшіріліп, дәнекерлеу, профилактика жүргізіліп, ақауларға диагностика жасалады", - делінген хабарламада.

Жұмыс сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін және 14:00- 15:00 аралығында қолға алынады.

Жұмыс барысында автоматты жалған өрт дабылы жүйесі қысқа мерзімге іске қосылуы мүмкін.

"Осыған байланысты жолаушылардан, әуежай қызметкерлері мен жалға алушылардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - дейді Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі өкілдері.

Астана әуежайы жолаушыларға дабыл жүйесі іске қосылуы мүмкін екенін ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.