jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Сапарбаев тұлғасы": Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті

Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті
Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылордада "Достық үйінде" көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған "Сапарбаев тұлғасы" кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.

Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті
Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті
Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан "Әкімдер мектебі" жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында "Сапарбаев тұлғасы" атты кітаптың тұсаукесері өткен болатын.

Бұл – елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған ардақты азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін тағылымды туынды. Қарапайымдылық пен адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, талапшылдық пен әділдікті бір бойына сыйдырған ардақты азаматтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріппен жазылды.

Уақыт оны арамыздан алыстатқанымен, рухани мұрасы ешқашан жоғалмайды", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті
Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқосуда кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ел ағалары Самұрат Имандосов, Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйледі.

Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті
Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында абыройлы еңбек етіп, сындарлы кезеңде халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, премьер-министрдің орыенбасары, Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі ретінде ел дамуына зор үлес қосты.

"Сапарбаев тұлғасы": Қызылордада қоғам қайраткеріне арналған кітаптың таныстырылымы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.